СҚО әкiмi балаларға пони сыйлады

СҚО әкiмi балаларға пони сыйлады

Петропавл IIБ кавалерия взводының базасы тiрек-қимыл аппараты зақымданған балаларға иппотерапия курстарын өткiзу алаңына айналды. Жұмыс бабымен жуырда болған облыс әкiмi Құмар Ақсақалов балалармен тiлдесiп, иппотерапияның пайдалы тұстарын айтқан болатын. Әңгiме барысында балалар облыс әкiмiнен пони алуға көмектесудi сұраған болатын. Өйткенi, ерекше балаларға кәдiмгi атқа мiнуге қиынға соғады.

Мiне, жаңа жыл қарсаңында балалардың тiлегi орындалды. Курстың қатысушылары екi бiрдей пониға ие болды. Ендi иппотерапия курсы одан әрi пайдасын тигiзiп, қызықты өтетiн болады. Пониға бүгiн интернат тәрбиеленушiсi Сандуғаш Молдабаева да мiнiп көрдi. Ол бұл курстарға 2014 жылдан келiп жүр екен.

«Маған атпен серуендеген өте ұнайды. Бүгiн пониға отырып көрдiм, маған ұнады. Менiң сүйiктi атым бар, ол байсалды, жақсы. Мен әрқашанда жақсы көңiл күйде кетемiн», — дедi Сандуғаш Молдабаева.

Бүгiн иппотерапия курсына тiрек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған интернаттың тәрбилеленушiлерi және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар келдi. Бұдан былай курсқа бүкiл балалар да келе алады.