
Петропавлда ҚР Президентiнiң кезектi жолдауын талқылауға арналған жиын өттi. Оның жұмысына облыс әкiмi Құмар Ақсақалов қатысып, жолдауды жүзеге асыруға арналған басым бағыттарды айқындады.
Жолдау жаһандық өнеркәсiптiк революция кезеңiндегi елiмiздiң бағытын белгiлейтiн, алдағы жоспарын айқындайтын негiзгi құжат болып саналады. Нұрсұлтан Әбiшұлы Жолдауда Қазақстанның жеткен жетiстiктерiн сақтап, жаңа белестердi бағындыруға бағытталған 10 негiзгi тапсырманы атады.
Өңiр басшысы iрi зауыттар жаңғырту жұмыстарына мықтап кiрiсу керек. Бұл орайда Масло-Дел компаниясының жаңа сүт зауыты және «Аулие Голд Майнинг» алтын өндiру кешенi көпке үлгi.
2018 жылы Қызылжар ауданында 1 МВт қуаты бар биогаз қондырғысы салынады. «Greencity KZ» ЖШС 35 МВт қуаты бар жел электр станциясын салып жатыр. Сондай-ақ Финляндияның «Kauko International» компаниясымен қалдықтарды өңдеп, оны электр энергиясына айналдыру жобасы бойынша келiссөздер жүргiзiлуде.
Биыл 369 километр жол жөнделедi, бұл бағытқа 10,5 млрд. теңге қаржы жұмсалмақ. «ТрансМоторсГрупп» ЖШС Мамлют ауданында көлiктiк-логистика орталығын ашуды көздеп отыр. Онда жүк жинау, дәмхана, қонақ үй, техникалық қызмет көрсету болады.
Петропавл қаласының бас жоспарының интерактивтi инвестициялық картасы мен электрондық сәулет интернет жобалары iске асады.
Жиында «Тайынша Астық» фирмасының директоры Анатолий Рафальский, дарынды балаларға мамандандырылған «ЛОРД» мектеп-лицейiнiң директоры Гүлжан Жақанова, дарынды Назарбаев Интеллектуалды мектебiнiң директоры Нұрғали Елшiбеков, «Есiл» өңiрлiк даму орталығының директоры Руслан Шәрiпов және Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң СҚО бойынша департаментiнiң басшысы Ғалым Тұрсынбаев сөз сөйледi.