
Облыс əкiмi Құмар Ақсақалов бастаған СҚО делегациясы жұмыс бабымен БАƏ-ның Фуджейра əмiрлiгiне келдi. Делегация құрамында мемлекеттiк органдардың, ұлттық компаниялардың, қаржы институтарының, оқу орындарының өкiлдерi және кәсiпкерлер болды.
СҚО делегациясы әмiрлiктегi барқатар өндiрiс ошақтарын аралады. Сапар аясында өңiр басшысы Фуджейраның билеушiсi шейх Хамад бен Мұхаммед Əл Шаркимен кездестi. Қос тарап тығыз әрiптестiк орнатуға ниет бiлдiрдi. Кездесуде ынтымақтастық жөнiндегi бiрнеше меморандумға қол қойылды.
СҚО инновация, бидай экспорты, мал шаруашылығы, туризм және көлiктiк-логистикалық торап құру бойынша тиiмдi экономикалық ынтымақтастық ұсына алады.
Сапар барысында өңiр басшысы бизнес-форумның жұмысына қатысты. Алғыс сөзiнде Құмар Ақсақалов аталмыш кездесулер жемiстi әрi өзара тиiмдi әрiптестiктiң негiзiн қалайтындығын атап өттi.