
ҚР Президент Әкiмшiлiгiнiң және Тайынша ауданының мәслихат депуттатарының келiсiмiмен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Тайынша ауданының әкiмi лауазымына Владимир Сергеевич Дудов тағайындалды.
Владимир Сергеевич 1982 жылы Көкшетау облысы (қазiргi Ақмола) Чистопол ауданының Тахтаброд ауылында туған. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiн заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi аппаратында бас маман болып бастаған.
2006 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi аппаратында ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы болып жұмыс iстедi.
2009 жылдан Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының бас инспекторы болды.
2010 жылдың наурыз айынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшының орынбасары — ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмнiң меңгерушiсi болды.
2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлiмiнiң инспекторы, мемлекеттiк инспекторы болды.
2013-2014 Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшы қызметiнде жұмыс iстедi.
2014 жылдың қазанынан бастап осы тағайындауға дейiн Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi болып қызмет еттi.