Тағайындау

Тағайындау

Президент Әкiмшiлiгiнiң және Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының мәслихат депуттатарының келiсiмiмен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi лауазымына Болат Серiкұлы Жұмабеков тағайындалды.

Болат Серiкұлы Жұмабеков 1972 жылы Көкшетау облысының Куйбышев ауданындағы Куйбышев кентiнде туған.

Ақмола ауылшаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн тәмамдаған. Ғалым агроном, құқықтану бакалавры мамандығы бар.

Еңбек жолын 1995 жылы Тимирязев ауданы әкiмi аппаратының маманы болып бастады.

1998-2005 жылдары жер қатынастары мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдарда жұмыс iстедi. Солтүстiк Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару жөнiндегi Тимирязев аудандық комитетiнiң төрағасы болды.

2005 жылғы ақпанда Тимирязев ауданы ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң бастығы болып тағайындалды.

2007-2009 жылдары Тимирязев ауданының әкiмi болып еңбек еттi.

2009 жылғы сәуiрден 2011 жылғы қыркүйекке дейiн Солтүстiк Қазақстан әкiмi аппаратының басшысы болып жұмыс iстедi

2011 жылғы қыркүйекте облыс әкiмiнiң өнеркәсiп, кәсiпкерлiк және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi жөнiндегi орынбасары болып тағайындалды.

2012 жылғы ақпаннан 2013 жылғы сәуiрге дейiн — Петропавл қаласының әкiмi.

2014 жылы «JELS-ASTANA» ЖШС коммерциялық директоры болып жұмыс iстедi.

2014 жылдың тамызынан осы тағайындауға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкiмi болып қызмет еттi.