СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Тайынша ауданының активiне жаңа басшы Владимир Дудовты таныстырып, оның алдына бiрнеше мiндеттердi қойды. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы, шикiзаттi қайта өңдеу, өнеркәсiп және баламалы энергия көздерiн енгiзу бойынша көп жобалар жүзеге асыру керек. Өңiр басшысы кадр саясаты мәселенiне де тоқталып, әр адамға жұмыс iстеуге мүмкiндiк беру керектiгiн атап өттi. Жүктелген мiндеттер орындалмаса, басшы өз орнын босату керек. Тайынша ауданының бұрынғы әкiмi Ержан Иманслям аталған мiндеттердi орындай алмай, жұмыстан өз еркiмен кеттi. Құмар Ақсақалов жаңа әкiмге агросектор саласында жаңа технологияларды енгiзу, өнеркәсiп саласында тың жобаларды жүзеге асыру, жеке инвестициялар тарту бойынша бiрқатар тапсырмалар жүктедi.