ҚР Президент Әкiмшiлiгiнiң және Қызылжар ауданының мәслихат депутаттарының келiсiмiмен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Қызылжар ауданының әкiмi лауазымына Жанат Ғаббасұлы Сәдуақасов тағайындалды.
Жанат Ғаббасұлы, 1981 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қаласында туған.
«Инженер-механик» мамандығы бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы «Петропавл ауыр машина зауыты» АҚ инженер-құрылысшы болып бастады.
2007 жылдан 2010 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасында бас маман, бөлiм басшысы болып қызмет еттi.
2010-2011 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бас инспекторы болды.
2011-2015 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты басшысының орынбасары қызметiн атқарды.
2015-2016 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы басшысының лауазымын атқарды.
2016 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы болып қызмет еттi.