ҚР Президент Әкiмшiлiгiнiң және Мамлют ауланының мәслихат депутаттарыынң келiсiмiмен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Мамлют ауданының әкiмi лауазымына Жастiлек Болатханұлы Сыздықов тағайындалды.
Жастiлек Болатханұлы1978 жылы Көкшетау облысы (қазiргi Ақмола) Ленин ауданы Колос ауылында туған. Бухгалтерлiк есеп және аудит мамандығы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы Колос ауылында «Үлгiлi» ПК бухгалтер болып бастады.
1999-2002 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша Салық комитетi есеп бөлiмiнiң аға инспекторы, жетекшi салық инспекторы болды.
2002-2003 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша Салық комитетi ұйымдастыру жұмысы және ақпараттық технологиялар секторының бас салық инспекторы болып қызмет еттi.
2003 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша Салық комитетi салық төлеушiлермен жұмыс бөлiмiнiң басшысы болды.
2003 жылдан 2007 жылға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша Салық комитетi салықтық тiркеу, салық есептiлiгiн қабылдау және өңдеу бөлiмiнiң басшысы қызметiн атқарды.
2007-2008 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша Салық комитетi төрағасының орынбасары болды.
2008-2011 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша Салық басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет еттi.
2011 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмiнiң экономика және ауылшаруашылығы жөнiндегi орынбасары лазауымында қызмет еттi.