Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданының активiне жаңа басшы Жанат Сәдуақасовты таныстырды. Ол осы күнге дейiн индустрия-инновациялық даму басқармасының басшысы болды. Жаңа әкiмнiң алдындағы басты мiндет — индустриялық аймақ құрып, оның аясында бiрнеше iрi жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Жобаларға қытайлық және ресейлiк инвесторлар тартылады. Өңiр басшысы Жанат Сәдуақасовтың бұл бағытта тәжiрибесi мол екенiн атап өттi. Петропавлды көкөнiспен қамтамасыз ету мәселесiне де көп көңiл бөлген абзал.
Бұл күнi өңiр басшысы Мамлют ауданының жаңа әкiмi Жастiлек Сыздықовты активке таныстырды. Жаңа басшының мемлекеттiк қызметтегi қызметi көпке үлгi. Құмар Ақсақалов бүгiнде елiмiзде мансап моделi жұмыс iстейтiндiгiн, оның аясында мемлекеттiк қызметшiлер бүкiл сатылардан өтетiндiгiн атап өттi. Жаңа әкiмнiң өмiрбаяны осыған дәлел дедi аймақ басшысы. Облыс әкiмi аудан әкiмiне бiрқатар нақты тапсырмалар жүктедi. Әсiресе, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, инвестицияларды тарту және жол-көлiк инфрақұрылымы салаларын дамытуға баса көңiл бөлу қажет.
Мамлют ауданының бұрынғы әкiмi Ерболат Бекшенов СҚО жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.