Солтүстiк Қазақстанда iрi кешеннiң құрылысына 80 миллиард теңге инвестиция құйылмақ

Солтүстiк Қазақстанда iрi кешеннiң құрылысына 80 миллиард теңге инвестиция құйылмақ

Бұл жөнiнде облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданында кешеннiң құрылысына арналған жер учаскесiн қарау кезiнде мәлiмдедi.

Tielin Logistics Co қытай компаниясы бiрнеше өндiрiстi қолға алуды көздеп отыр. Бұл пестицид, бактерицид, гербицид шығаратын зауыт, мойынтiрек шығару, электрмобильдер құрау, целлюлоза өндiрiсi, аралас жем және бидайды қайта өңдеу, лимон қышқылы және глюкоза/декстроза өндiрсi. Аталмыш зауыттарда 1650 жұмыс орны ашылады. Инвесторлар темiр жол желiсiн және электр стансасын салуды көздеп отыр.

Облыс әкiмi тиiстi органдардың басшыларына экология мәселесiне ерекше көңiл бөлудi тапсырды. Өңiр басшысы жобаны жүзеге асыру үшiн СҚО ыңғайлы географиялық орналасуын қолдану керек дедi.

«Қытайлық әрiптестер бұл жобаны жүзеге асыру үшiн қомақты қаржы құюға дайын. Алғашқы транш алынды. Былтырғы жылғы Қытайға сапар өз жемiсiн бере бастады. 80 млрд теңге инвестиция құйылады. Кейбiр өнiмдер Қытай және басқа елдерге экспортқа кетедi», — дедi Құмар Ақсақалов.