СҚО-да «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 49 жоба жүзеге асады

СҚО-да «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 49 жоба жүзеге асады

Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың төрағалымен өткен СҚО әкiмдiгiнiң отырысында цифрлендiру бағдарламасын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан iс-шаралар мәселесi қаралды.

СҚО әкiмiнiң орынбасары Мадияр Қожахметтiң айтуынша, «Есiл» өңiрлiк даму орталығында цифрлендiру кеңсесi құрылып, оған бiлiктi IT мамандар шақырылыпты. «Зерде» холдингiмен бiрлесе отыра облыста «Quick Wins» форматында биыл 49 жоба жүзеге аспақ. Аталмыш жобалар облысты цифрлендiру концепциясына енгiзiлдi, 8 басым бағыт анықталды. Бұл ауыл шаруашылығы, туризм, және 6 бағыт қауiпсiздiк, көлiк, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, бiлiм, денсаулық сақтау және қаланы басқару бағыттары «Smart Петропавловск» копцепциясына ендi.

«Цифрлендiру бағдарламасына 49 жоба ендi. Бұл тек басы ғана, алда әлi көп жобалар қосылады. Бұл жұмысқа орынбасар Мадияр Қожахмет жауапты. Басқармалар және әкiмдiктермен бiрлесе отыра жұмыс жасаңыздар», — дедi өңiр басшысы Құмар Ақсақалов.