
Петропавлда жаңғыртудан кейiн вокзал қайта ашылды. Бұл жайында әлеуметтiк желiлердегi парақшасында Құмар Ақсақалов жазды.
«Жаңа жыл қарсаңында облыс тұрғындары мен қонақтарына сыйлық жасалды. Үш жылдық қайта жаңғыртудан кейiн темiржол вокзалы ашылды», — деп жазды өңiр басшысы.
Ескi вокзалдың тек қабырғалары ғана қалды. Жөндеу кезiнде заманауи технологиялар қолданылды. Қауiпсiздiктiң ең сенiмдi жүйесi енгiзiлдi, күту залындағы орындар саны екi есеге көбейтiлдi, 300-ден 600-ге дейiн.
Ең бастысы, келушiлерге барлық жағдай жасалды. Заманауи сақтау камералары мен электронды кезек орнатылды. Лифттер мен эскалаторлар қойылды. Ендi ауыр жүкпен баспалдақпен көтерiлудiң қажетi жоқ. Вокзал алаңы айтарлықтай өзгердi.
«Бұл вокзалдың 1966 жылы құрылғаннан бергi жарты ғасырдағы алғашқы жаһандық қайта жөнделуi. Қазiр бiздiң елдегi ең көне вокзалдардың бiрi ең әдемiсiне айналды», — дедi Құмар Ақсақалов.