Петропавлды бейнебақылаумен қамту 100 пайызға жеткiзiлу керек — СҚО әкiмi

Петропавлды бейнебақылаумен қамту 100 пайызға жеткiзiлу керек — СҚО әкiмi

Облыс әкiмдiгiнiң үлкен залында СҚО IIД-нiң 2017 жылда атқарған жұмыстары қорытындыланды. Шұғыл жиналысқа облыс әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты. Өңiр басшысы полицейлердiң қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде көп жұмыстың атқарғанын атап өттi. Соның арқасында облыста қылмыс деңгейi 19,2 пайызға азайған. Жергiлiктi атқарушы органдар полицияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп көңiл бөледi. IIБ-нiң 2015 жылдағы бюджетi 4,4 млрд. тг құраса, былтыр бұл көрсеткiш 5,9 млрд. тг жеттi. Өңiр басшысы облыста бейнебақылау жүйесiн одан әрi дамытуға тапсырма бердi. Егер 2017 жылдың басында Петропавлда 74 бейнекамера орнатылса, бүгiнде оның саны 410-ға жеттi. Қамту көлемi 70 пайызға жеткен. Құмар Ақсақалов бұл көрсеткiштi 100 пайызға жеткiзудi тапсырды.

Облыста мәселелер де жоқ емес. Өңiр басшысы былтыр аса ауыр санаттағы қылмыстардың көбейгенiн мәлiмдедi. Тұрмыстық қылмысқа да көп көңiл бөлген жөн.

Жиын соңында марапаттау рәсiмi өттi. Облыс әкiмi үздiк полицейлердi марапаттады. Өз кәсiбiнде үздiк атанған ювеналды полиция қызметкерi Анастасия Свиридоваға облыс әкiмi қызметтiк автокөлiктiң кiлтiн табыс еттi.

Сондай-ақ бүгiн өңiр басшысы спорт сарайында полицейлер арасында ҚР бiрiншiлiгiнiң ашылу рәсiмiне қатысты.