ҚР Президент Әкiмшiлiгiнiң және Айыртау ауданының мәслихат депутаттарының келiсiмiмен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Айыртау ауданының әкiмi лауазымына Бейбiт Қайыркешұлы Исманов тағайындалды.
Бейбiт Қайыркешұлы, 1971 жылы Алматы қаласында туған. 1989-1991 жылдары аралығында Ленинград әскери округiнде әскери борышын өтедi.
Еңбек жолын 1988 жылы ПМК-76 жұмысшысы ретiнде бастады.
Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн автомобиль көлiгiнiң инженер-механигi, Мәскеу қаласындағы қазiргi гуманитарлық институтын «Құқықтану», Ресей Федерацисы Президентiнiң жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттiк қызмет Академиясын мемлекеттiк және муниципалдық басқару магистрi мамандықтары бойынша бiлiм алған.
1989-1991 жж. аралығында Ленинград әскери округiнде әскери борышын өтедi.
1996-2000 жылдары аралығында «Имстальком» ААҚ-да инженер болып жұмыс iстеген.
2000-2001 жылдары «Малая гостиница» МҚК-да директордың орынбасары, директорболып қызмет еттi.
2002-2008 жылдары аралығында Петропавл қаласы әкiмiнiң көмекшiсi, Петропавл қаласы әкiмi аппаратының басшысы қызметiн атқарды.
2008-2012 жылдары аралығында «Солтүстiк Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бастығының орынбасары лауазымында жұмыс iстедi.
2012 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн «Солтүстiк Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы лауазымында қызмет еттi.