Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi Асқар Бегмановтың қорытынды есептiк кездесуiне қатысты. Өңiр басшысы аудан әкiмiне бiрқатар тапсырмаларды жүктедi.
Бiрiншiсi ауыл шаруашылығын дамыту. Ауданда былтыр бидай өнiмдiлiгi 2,16 ц/га құрады. Алайда, ауданда гектар басынан 10 центнер өнiм алатын шаруалар да баршылық. Олар «Агрофирма Майбалык», «Жумабеков» және «Авангард СКО» сияқты серiктестiктер мен шаруа қожалықтары. 371 агроқұрылымның тек 11-i ғана минералды тыңайтқыштар енгiзедi. Облыс әкiмi бау-бақша шаруашылығын да мықтап дамытуды тапсырды.
«Биыл аудан 3000 гектарға картоп, 600 гектарға көкөнiс егудi көздеп отыр. Бұл аздық етедi. Алқаптарды көбейту керек», — дедi өңiр басшысы.
Былтыр ауданда 1,7 млрд. теңгеге 120 км жол жөнделдi. Екi жылда бұл бағытқа 3 млрд теңге бағыттау көзделген. Тек биыл 1,6 млрд. теңге бөлiнедi. Басқа аудандармен салыстырғанда бұл қомақты қаржы деп атап аймақ басшысы.
Өнiмдi жұмыспен қамту мен жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында аудан былтыр 228 миллион теңгенi игердi, 59 жұмыс орны ашылды. Алайда, мемлекеттiк қолдау тек Булаевта ғана көрсетiлiп отыр. Облыс әкiмi бұл жұмысты әр ауыл округiнде күшейтудi тапсырды.
«Қазiр әр ауылдық округте тұрғындар шағын несие алып, өзiнiң iсiмен айналысатын мүмкiндiкке ие болу керек. Қазiр оған бар жағдай жасалған. Барлық шектеулер алынып тасталған», — дедi Құмар Ақсақалов.