Солтүстік Қазақстан облысы индустриалды-аграрлы аймаққа айналады

Солтүстік Қазақстан облысы индустриалды-аграрлы аймаққа айналады

Бүгiн Петропавлда СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың халық алдындағы есептiк кездесуi өттi. Өз сөзiнде өңiр басшысы өткен жылдың жетiстiктерiн саралап, биылғы жылдың жоспарларымен бөлiстi.

Жалпы облыста барлық салалар бойынша өсiм байқалады. Әсiресе, өнеркәсiп (104,5), ауыл шаруашылығы (102,3), құрылыс (104,5) салаларында өсiм бар.

Аграрлы сала былтыр 510 млрд теңгенiң өнiмiн өндiрдi. 72 млрд теңге инвестиция құйылды. Биыл 35 млрд теңгенiң 1500 техникасы сатылынып алынады. Заманауи 7 iрi сүт кешенi iске қосылады.

Өнеркәсiпте 223 млрд теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Тек Петропавл ауыр машина жасау зауыты мен ЗИКСТО зауыты өндiрiстi екi есе ұлғайтты. Биыл құрылыс, химия және ауыл шаруашылығы машина құрылысы саласында 8 iрi жобаны iске асыру жоспарланған.

Өңiрге биыл 300 млрд теңгеден аса шетелдiк инвестиция құйылады. 5 жоба жүзеге асып, 3 мың жұмыс орны ашылмақ.

«Осыны еске отыра, бiз индустриалды-аграрлы аймақ айналуымыз тиiс», — дедi өңiр басшысы.

Есеп барысында Құмар Ақсақалов 34 солтүстiкқазақстандықтың сұрағына жауап бердi. Сауалдар негiзiнен жол жөндеу, ауыз су, денсаулық сақтау және бiлiм саласына қатысты болды. Аймақ басшысы әр сұраққа тұщымды жауап берiп, барлық сауалдарды өз қадағалауына алатынын жеткiздi.