СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаевпен кездестi. Қор бiздiң облысқа үлкен делегациямен келiп отыр. Оның қатарында белгiлi ғылым және өнер салаларының өкiлдерi, қор сыйлықтарының Лауреаттары бар.
Өңiр басшысы облыста түрлi салаларда көптеген талантты жастар еңбек етiп жатқанын айтты. Оларға қолдау бiлдiрген қордың еңбегi де орасан. Құмар Ақсақалов жарымжан жандарға қамқорлық көрсетуде көп iстiң атқарылатынын жеткiздi.
ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев өңiр басшысына алғысын жеткiзiп, екi тарап бiрiге отыра жобаларды сәттi жүзеге асыратынына сенiмiн жеткiздi.
Петропавл қаласының С. Мұқанов атындағы Солтүстiк Қазақстан облыстық кiтапханасы жаңа компьютерлiк жабдықпен жарақталады. Бұл сыйлықты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi — Елбасының Қоры тарту еттi.
ҚР Тұңғыш Президентiнiң Қоры Қазақстан өңiрлерiнде жастармен белсендi жұмыс жүрiгiзiп отыр. 2017 жылдан бастап Қордың өкiлдерi елiмiздiң түрлi қалаларына барып студенттердi Қордың қызметiмен және жастарға арналған жобаларымен таныстырып келедi.