
Бүгiн Петропавлда заманауи көтерме-тарату орталығы ашылды. Жаңа нысанның жұмысымен өңiр басшысы Құмар Ақсақалов танысты.
Бұл өңiрдегi дәл осындай деңгейдегi бiрiншi орталық. 1,9 миллиард теңге инвестиция құйылды. Жаңа нысан 60 адамды жұмыспен қамтамасыз етедi. Кешенде 2 мың тоннаның көкөнiс қоймасы және 10 мың тоннаға арналған қоймалар бар.
«Заманауи орталықтың ашылуы бизнеске үшiн қолайлы жағдай туғызды. Бұрын кәсiпкерлер делдалдар арқылы жұмыс iстейтiн. Ендi делдалдар мен сатушылар ұзақ сауда тiзбегiнен шығарылды. Бұл бизнес шығындарын оңтайландыруға мүмкiндiк бередi», — дедi Құмар Ақсақалов.
Орталық қоймалары В + санатына жатады және барлық заманауи стандарттарға сәйкес келедi. Әлемде А категориясы ғана жоғары.