Солтүстiк Қазақстанда «Еl-grad» жобасының көмегiмен цифрлы ортофото жоспар құрылмақ

Солтүстiк Қазақстанда «Еl-grad» жобасының көмегiмен цифрлы ортофото жоспар құрылмақ

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, облыс әкiмi Құмар Ақсақалов азаматтарды қоғамдық қабылдау өткiздi.

«Казаэрогеодезия» МКК» ЖШС директоры Оксана Ткачук «Еl-grad» жобасын таныстырды. Бұл жобаның арқасында жергiлiктi цифрлы ортофотожоспар құрылып, оған бүкiл инженерлiк желiлер және ғимараттар енедi. Аталмыш цифрлы құжат жоспарлау және құрылыс кезiнде жұмысты жеңiлдетедi. Құмар Ақсақалов цифрлендiру аясында бұл жобаның аса пайдалы екенiн және мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiк аясында оны жүзеге асыру керектiгiн тiлге тиек еттi.

«Архстрой» ЖШС өкiлi Василий Стихин «Журавушка» кооперативiнiң қолданылмай жатқан жерлерiн қолдану бойынша ұсыныспен келiптi. Құмар Ақсақалов қала әкiмiне бұл сұрақты бақылауына алуды тапсырды.

Анатолий Митрофанов медициналық орталықтың құрылысына жер телiмi қажет дейдi. Қаржыны Қазан қаласындағы жоғары технологиялар институты бөлмек. Облыс әкiмi жобаны қолдап, барынша көмек көрсетуге уәде еттi.

Нұржан Баймұқанов химиялық заттарды кедендiк сақтау саласында дамытқысы келедi. Бұл жобаға қаржы мемлекеттiк кәсiпкерлердi қолдау бағдарламалары арқылы қарастыруға болады. Өңiр басшысы кәсiпкерлiк және туризм басқармасына барынша көмек көрсетуге тапсырма бердi.

«Досуг» шахмат клубының төрағасы Серiк Ыбыраев клуб орналасқан маңды абаттандыру мәселесiмен келiптi. Асфальт төсеу жұмыстары биыл жүргiзiлетiн болды.