
Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов Паралимпиада ойындарының қатысушыларымен кездестi. Кездесуге спортшылардың бапкерлерi де қатысты.
Пхёнчхан қаласында өткен XII қысқы Паралимпиада ойындарында елдiң намысын 7 спортшы қорғады, оның төртеуi — бiздiң өңiрдiң өкiлдерi. Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Қанат Канафин және Антон Жданович шаңғы спорты және биатлоннан бақ сынады. Александр Герлиц жоғары нәтижеге қол жеткiздi. Еркiн әдiспен 20 шақырымдық жарыста 4 орын алды. Қайрат Канафин гид Антон Ждановичпен бiрге 11-шi нәтижеге қол жеткiздi. Сергей Усольцев те 11-шi орынға тұрақтады. Облыс әкiмi солтүстiкқазақстандық паралимпиадашылар көпке үлгi деп атап өттi.
«Бiз жерлестерiмiздiң жарысын қызығушылықпен тамашаладық. Сiздер туған-туысқандарыңызға және қоғамға үлкен асуларды бағындыруға болатындығын дәлелдедiңiздер. Сiздер жастарға нағыз үлгi көрсетiп отырсыздар. Қиын жағдайда мойымай, керiсiнше жоғары нәтижелерге қол жеткiздiңiздер», — дедi Құмар Ақсақалов.
Кездесу соңында марапаттау рәсiмi өттi. СҚО әкiмi құрмет грамоталары және ақшалай сыйақыларды табыс еттi. Александр Герлиц 1 миллион теңге ақшалай сыйақыға ие болды. Қалған спортшылар 500 мың теңгеден иелендi. Бапкерлер Мария және Иван Дробязко алғыс хаттар және ақшалай сыйақылармен марапатталды.