СҚО-да 40 отбасы жаңа қонысқа ие болды

СҚО-да 40 отбасы жаңа қонысқа ие болды

Бұл жайында әлеуметтiк желiлердегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Бүгiн Қызылжар ауданында кезекте тұрған 40 отбасыға пәтер кiлттердi табыс етiлдi. Бұл Бескөлде салынған алғашқы 5 қабатты үй. Келесi жылы жанынан дәл сондай көп қабатты үй бой көтередi. Аудандарда биыл кезекте тұрғандар үшiн 7 көп қабатты үй салынды. Жалпы, биыл 300 мыңнан астам шаршы метр пайдалануға берiледi. Бұл 3 мың пәтер. 11 мың адам қоныс тойын тойлайды. Келесi жылы 400 мың шаршы метр баспана саламыз деген мақсат қойдық. Қазiрдiң өзiнде облыс орталығында 32 көп пәтерлi тұрғын үй салынуда. Осының арқасында көптеген солтүстiкқазақстандықтар жаңа баспанаға ие болады», — деп жазды өңiр басшысы