
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов «Қазгидромет» МКК бас директоры Марат Қынатовпен кездестi. Кездесу барысында елiмiздiң бас метеорологы су тасқынын болжауға арналған жобасын таныстырды. «Қазгидромет» агрометеорологиялық мониторинг саласында да өз қызметтерiн ұсынып отыр. Қос жоба солтүстiк өңiр үшiн айрықша маңызды.
«Бiздiң облыс үшiн сiздiң ұсыныстарыңыз өте маңызды. Бiрiншiден, су тасқыны бойынша жағдайды әрдайым бақылап отыру керек. Бiз судың қайдан келетiнiн алдын-ала бiлiп отыруымыз керек. Сiздiң технология оған мүмкiндiк бередi. Екiншiден, ауыл шаруашылығындағы болжамдар да қажет. Қазiр көп шаруалар егiстi жобалап бастай салады. Топырақтың пiсiп жетiлуi және оның тиiстi температурасы бар, диқандар оңтайлы мерзiмнiң iшiнде себу керек. «Қазгидрометтiң» технологиясының арқасында аграршылар қаржысын үнемдеп, табысын өсiре алады. Осы бағытта жұмыс iстеуге дайынбыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Марат Қынатов Сергеев су қоймасында апаттық су тастау құрылысы туралы ұсыныс жасады. Осылайша, су тастау процесiн реттеп, су қорын ұстап тұруға мүмкiндiк туады. Өңiр басшысы аталмыш ұсынысты қолдап, осының арқасында елдi-мекендерде су басу қаупiн сейiлте аламыз едi. Бұл мәселенi облыс басшылығы республикалық деңгейде көтередi.