Бүгiн облыстық әкiмдiктiң отырысында 2018 жылдың алғашқы үй айындағы облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары шығарылды.
Статистика департаментiнiң басшысы Марал Нұржауыпованың ақпараты бойынша, 2018 жылдың алғашқы тоқсанында СҚО құрылыс қарқыны бойынша 16 өңiрдiң iшiнен 1-шi орынға ие болды. 5,8 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жасалды, өткен жылмен салыстырғанда бұл екi есеге жоғары. Биыл 22 мың шаршы метр болатын 200 пәтер қолданысқа берiлдi.
Өнеркәсiп саласында 64 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Қайта өңдеу өнеркәсiбiнде өсiм 107,7% құрады. Азық-түлiк өндiрiсi 36%, пластмасс бұйымдарын өндiру 18% артты. Алғашқы үш айда ауыл шаруашылығында 22,5 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi.
Өңiр басшысы облыста экспорттың көлемi 1,6 есеге артып, импорттың керiсiнше азайғанын баса айтты. «Осы қарқынды сақтау керек», — деп Құмар Ақсақалов аудан әкiмдерiне тапсырма бердi. Жалпы, облыс әкiмi алғашқы тоқсандағы экономиканың дамуы көрсеткiштерiне көңiлi толды.
«Бiзде әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi жаман емес. Қысқа мерзiмдi экономикалық индикатор 108,4% құрады. Республика бойынша бұл көрсеткiш 105,3%. Яғни, облыс экономикасының даму қарқыны орташа республикалық көрсеткiштен әлдеқайда жоғары. Жыл қорытындысы бойынша бiздiң көрсеткiштер кем дегенде республикалық деңгейде болып, тiптi одан асып түсу керек», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.
Жоғары нәтижелерге ауыл шаруашылығын әртараптандырудың арқасында қол жеткiзуге болады. Майлы дақылдардың алқаптарын ұлғайту бюджетке қосымша 60-70 млрд. теңге қаржы құяды. Өнеркәсiп және құрылыс салаларында да екпiндi өсiм күтiлуде.