
Бүгiн Петропавлдың басты алаңында СҚО iшкi iстер органдары гарнизонының салтанатты маршы өттi. Бұл шара Астананың 20 жылдығына орайластырылды. Салтанатты шараға СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.
Маршқа қатысу үшiн 800 ден аса полиция қызметкерi сапқа тұрды. Аталмыш оқиғамен полицейлердi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады. Өңiр басшысы жас қызметкерлерге офицерлiк погондарды табыс еттi.