
Петропавлдың басты алаңында Қазақстан халқының бiрлiгi күнiне арналған салтанатты шара өттi. Солтүстiкқазақстандықтарды мейраммен өңiр басшысы Құмар Ақсақалов құттықтады.
«Сiздердi 1 мамыр — Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiмен шын жүректен құттықтаймын! «Бiрлiк бар жерде — тiрлiк бар» деген қанатты сөздердi дана халқымыз тектен текке айтпайды. Егемен елiмiздiң 26 жыл iшiнде бағындырған барлық белестерi, жеткен жетiстiктерi, шыққан шыңдары — осы бiрлiктiң арқасында келiп отыр. Қоғамдық келiсiм мен саяси тұрақтылық — бiздiң ең маңызды байлығымыз! Бұл жетiстiктi бағалау, оны көздiң қарашығындай сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбiр Қазақстан азаматының абыройлы мiндетi болып табылады», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.
Облыс әкiмi этно-мәдени орталықтарының көрмесiн аралап, әр түрлi ұлттардың өкiлдерiмен тiлдестi.