СҚО индустриялық-инновациялық даму басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

СҚО индустриялық-инновациялық даму басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысынның әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Арман Сарбайұлы Оразғұлов облыстық әкімдіктің индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Арман Сарбайұлы 1986 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетін, «Тұран-Астана» университетін, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын кеден ісі саласындағы маман,заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласында жекеменшік ұйымдарда кеден декларанты болып бастаған.

2008-2009 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі сауда саясатын дамыту департаменті ішкі сауда саясатын реттеу басқармасының сарапшысы болды.

2009-2014 жылдары ҚР Индустрия және сауда инистрлігі сыртқы сауда саясаты департаменті сыртқы сауда келіссөздері басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарды.

2014-2017 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі сыртқы сауда саясаты департаментінің басқармасына басшылық етті.

2017 жылдан осы тағайындауға дейін «New-Tehnology.kz» жарықтехнологиялық жарықтандыру ЖШС-нің директоры болды.