Солтүстiк Қазақстанда картоп пен көкөнiстердiң алқабы ұлғаяды

Солтүстiк Қазақстанда картоп пен көкөнiстердiң алқабы ұлғаяды

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында көктемгi егiс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаровтың айтуынша, биыл 4,1 млн. га алқапқа дән себiлмек, оның 2,6 млн. гектарына бидай егiледi.

Майлы дақылдардың алқабы да 285 мың гектарға ұлғайып, 1 млн. га құрамақ. Картоп алқаптары 65 пайызға ұлғайып, 45 мың гектарға жетпек. Көкөнiстердi егуге арналған алқаптың көлемi 94 пайызға ұлғайып, 10 мың гектарды құрайды.

«Барлық аудандар майлы дақылдар бойынша жұмыстарды атқарды, 1 млн. га егемiз. Бұл өте маңызды көрсеткiш. Осының арқасында бюджетке 60-70 млрд. теңге кiрiс келмек. Көкөнiстердiң көлемiн де ұлғайту керек. Аудандарға сапармен барған кезде осының бәрiн тексеремiз», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.