СҚО әкiмдiгi мен «CLAAS» концернi ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауытты құруға келiстi

СҚО әкiмдiгi мен «CLAAS» концернi ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауытты құруға келiстi

XI Астана экономикалық форумының аясында өткен «Investors’ round table» дөңгелек үстел барысында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов пен Шығыс Еуропа бойынша «CLAAS» компаниясының аймақтық директоры Нильс Ройтч ынтымақтастық жөнiндегi меморандумға қол қойды.

Аталмыш құжаттың аясында Солтүстiк Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын бiрлескен кәсiпорын құру көзделген. Қазақ-немiс компаниясы комбайндар мен тракторларды құрастырумен айналыспақ.

Қос тарап бұл келiсiм елдегi бизнестiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтiп, жоғары санаттағы ауыл шаруашылығы техникасын шығару көлемi арта түсетiндiгiне сенiмдi.