СҚО әкiмi Самал Есләмованың ата-анасын құттықтады

СҚО әкiмi Самал Есләмованың ата-анасын құттықтады

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Самал Есләмованың ата-анасын құттықтап, беделдi кинофестивалде топ жарған актрисаға құттықтау телеграммасын жолдады. Күнi кеше СҚО тумасы 71-шi Канн фестивалiнде ең үздiк әйел адам рөлi атағына ие болды. Самал Есләмова Аққайың ауданының Аралағаш ауылында туып өстi. Қазiр ата-анасы Iлияс пен Гүлмайра Есләмовалар Петропавл қаласында тұрып жатыр.

«Өз атымнан және солтүстiкқазақстандықтардың атынан Самал, сiздi осы жеңiсiңiзбен құттықтаймын. Аса шеберлiкпен сомдалған рөлiңiз әлемдегi ең беделдi әрi байырғы кинофестивалдегi әдiл қазылардың жоғары бағасына ие болғаны бiзге мақтаныш. Осы күнге дейiн Қазақстанның бiрде-бiр актрисасы осы атаққа қол жеткiзiп көрмептi. Сiз киелi Солтүстiк Қазақстан жерiнде шығармашылық тұлға ретiнде қалыптастыңыз. Самал осы өңiрде өсiп, тәрбие алып, өнер коллледжiн тәмамдап, театрда ойнады. Бүгiн сiз бiздiң облыстың қана емес, бүкiл елiмiздiң абыройын асқақтаттыңыз», — делiнген өңiр басшысының құттықтау телеграммасында.