
Солтүстiк Қазақстан облысында агроөнеркәсiп кешенiн дамыту мәселелерi бойынша кездесу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрi Өмiрзақ Шөкеев агроөнеркәсiптiк кешенде мемлекеттiк саясатты iске асырудың бiрқатар жаңа бағыттары мен тетiктерiн атап өттi.
Ағымдағы жылы шаруалар көктемде тұқым шаруашылығынан/тұқым сатушыдан 1 репродукциялы тұқымды немесе элиталық тұқымды ең төменгi норма бойынша тегiн алуды көздейтiн тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тетiгi iске асырылатын болады. Өз кезегiнде, мемлекет тұқым өндiрушiге норма бойынша шығарылған тұқымдардың толық құнын өтейдi.
Бұл ретте шаруа күзде егiндi жинап болғаннан кейiн Тұқым шаруашылығын дамыту қорына тұқым құнының 30% қайтаратын болады, қор қайтарылған қаражатты жинақтайды және оны аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн төменгi пайыздық мөлшерлемемен (1-2%) негiзгi құралды (техника мен жабдық) сатып алу мен жаңартуды қаржыландыруға бағыттайды. Бұл тетiктi iске асыру 2021 жылға қарай 3 репродукциядан төмен емес тұқыммен 100% себудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Минералды тыңайтқыштарға қатысты. Ағымдағы жылғы субсидияны алуға өтiнiм беру және оларға төлем жүргiзу электронды түрде жүзеге асырылады, яғни субсидиялау процессi толық автоматтандырылған. 446 мың тонна тыңайтқышқа, оның iшiнде көктемгi дала жұмыстары кезеңiне 270 мың тоннаға өтiнiм бердi. Мамыр айының ортасында 93 мың тонна тыңайтқыш немесе өтiнiм берiлген көлемiнен 21% аграрийлерге жеткiзiлдi.
Жиналыс барысында сүттi мал шаруашылығы мен шошқа шаруашылығы бойынша жаңа бағдарламалар ұсынылды.
Сүттi мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы тауарлық-заттай субсидияларды кезең-кезеңмен төмендету, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесiн төмендету және қаржыландыру мерзiмдерiн ұзарту, жанама субсидиялар: сыртқы инфрақұрылым, ветеринарлық тәуекелдердi сақтандыруды көздейдi.
Экономикалық тұрғыдан перспективалық жобаларды қолдау және дамыту шеңберiнде еттi мал шаруашылығы, сүт өндiрiсi, қайта өңдеушi сала бойынша зәкiрлi кооперация болатын облыстың бiрқатар iрi өнеркәсiптiк кешендерiнiң жұмысымен танысты.
Аталған шараларды iске асыру агроөнеркәсiптiк кешендегi еңбек өнiмдiлiгiн және өңделген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн экспорттауды кем дегенде 2,5 есе арттыруға мүмкiндiк бередi.
ҚР АШМ Баспасөз қызметi
тел. 8 (7172) 555-947, 555-765
minagripress@gmail.coм