
Бұл жайында бүгiн СҚО әкiмдiгiнiң отырысында айтылды. Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың айтуынша, жоғарғы оқу орнына әлемдiк талаптарға сай ғимарат ауадай қажет.
«Мектептердiң түлектерiне жағымды жаңалықты жеткiзгiм келедi. Бiз университеттiң жанынан заманауи корпус саламыз. Көп жылдардан берi оқу орнының материалды-техникалық базасы жаңартылмай келдi. Жаңа корпус барлық талаптарға сай болады», — дедi Құмар Ақсақалов.
Биылғы жылдың тағы бiр жаңалығы — жоғарғы оқу орнына 1000 грант бөлiнедi, былтырғы жылмен салыстырғанда бұл 5 есеге көп. Осының барлығы мектеп түлектерiн жоғары бiлiммен қамтуды ұлғайта түсуге мүмкiндiк бередi.
Қазiр СҚМУ-да 5,5 мың студент бiлiм алуда. Келесi жылы студенттердiң санын 7 мыңға дейiн ұлғайту көзделген.
Сондай-ақ қазiр жоғарғы оқу орындарына оқу бағасын реттеуге еркiндiк беру жоспарланып отыр. Бұл қадам Ресейге барып оқитын түлектердiң санын азайтуы тиiс, өйткенi көршiлес елде оқу әлдеқайда арзан.
Отырыста оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесi де қаралды. Биыл жазғы лагерлер 8 маусымнан бастап оқушыларды қабылдай бастайды. Облыста 13 лагерь балаларды қабылдауға дайын. Қала сыртындағы 5 лагерь сенiмгерлiк басқару жүйесiне көшкен. Қазiр бұл мекемелерде дайындық өз қаржысына жүргiзiлуде. СҚО әкiмi жыл санап сенiмгерлiк басқарудағы демалыс мекемелердiң саны арта түсу керек дедi.