Ақжар ауданының әкiмi тағайындалды

Ақжар ауданының әкiмi тағайындалды

ҚР Президент Әкiмшiлiгiнiң және Ақжар ауданының мәслихат депуттатарының келiсiмiмен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкiмiмен Ақжар ауданының әкiмi лауазымына Мадьяров Ербатыр Қайыргелдiұлы тағайындалды.

Мадьяров Ербатыр Қайыргелдiұлы 1971 жылы Ресей Федерациясының Омбы облысының Исилькуль ауданында дүниеге келдi. Ветеринариялық дәрiгер мамандығы бойынша жоғары бiлiмi бар.

Еңбек жолын 1992 жылы Омбы облысында Лесной кеңшарының ветеринариялық дәрiгер қызметiнен бастады.

2001-2006 жылдары аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс атқарды.

2006-2014 жылдары аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымында қызмет еттi.

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының басшысы болды.

2014 жылы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметiн атқарды.

2014 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары, басшысы лауазымында қызмет атқарды.