Құмар Ақсақалов Ақжар ауданының жаңа әкiмiне нақты мiндеттер жүктедi

Құмар Ақсақалов Ақжар ауданының жаңа әкiмiне нақты мiндеттер жүктедi

Ақжар ауданының әкiмi болып Ербатыр Мадияров тағайындалды. Жаңа басшыны активке СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов таныстырды. Өңiр басшысы аудан әкiмiне ауыл шаруашылығы және шағын және орта бизнестi дамыту саласында бiрқатар нақты тапсырмалар жүктедi.

Құмар Ақсақалов Cолтүстiк Қазақстан облысының, оның iшiнде Ақжар ауданының даму жоспарымен де бөлiстi. Басым бағыттар — ауылдықтарға үйлер салу, ауыз сумен қамтамасыз ету және жолдарды жөндеу.

«Аудан орталығы — Талшықтан шекараға дейiн жолдарды жөндеп жатырмыз. Одан әрi Дәуiт пен Бидайыққа дейiн сапалы жол саламыз. Қазiр жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Бұл процестi тездетiп, келесi жылы бұл учаскедегi жолды жөндеймiз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы жаңа аудан әкiмiнiң басты мiндетi — ауылдағы халықтың өмiр сүру сапасын жақсарту екендiгiн ерекше атап өттi.