
Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов «Қызылжар-2018» велошеруiне қатысты. Сайысқа кәсiби және жас велошабандоздар, мемлекеттiк қызметшiлер, бизнесмендер және қала тұрғындары қатысты.
Жарыс басталмай тұрып, Александр Винокуров пен Құмар Ақсақалов қатысушыларға сәттiлiк тiледi.
«Егер сiздердiң араларыңыздан олимпиада чемпионы шықса, керемет болар едi. Шынығып, мақсат қойыңдар. Әрқашанда алға жүрiңдер. Менiң жеткен жетiстiгiме қарап, бәрi мүмкiн екенiне көз жеткiзуге болады», — дедi Лондондағы Олимпиаданың жеңiмпазы.
Жарысқа қатысушылар 5 шақырым қашықтықты жүрiп өттi. Мәреге жеткендер естелiк медалдарiмен марапатталды.
Бұл велошеру — Александр Винокуров жүлдесiне өткен халықаралық «Қызылжар-2018» көпкүндiк веложарысының соңғы аккорды болды. Веложарысқа Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның велошабандоздары қатысты. Құмар Ақсақалов халықаралық веложарыс дәстүрлi түрде жыл сайын өткiзiледi дедi.