Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы: Ұлы ақынның туған ауылына шетелдiк қонақтар келдi

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы: Ұлы ақынның туған ауылына шетелдiк қонақтар келдi

Мағжан Жұмабаевтың туған ауылы Сарытомарда ақиық ақын, қоғам қайраткерiнiң 125 жылдық мерейтойына орай ұлан-асыр той өттi. Құрметтi қонақтардың арасында ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейiнов, Халықаралық Түрiк академиясының президентi Дархан Қыдырәлi, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, қоғам қайраткерлерi, Мағжан Жұмабаевтың туған-туысқандары болды. Мерейтойға Түркия, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзiрбайжан және Моңғолиядан делегациялар келдi.

Салтанатты шараны ашқан облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Мағжан өскелең ұрпаққа теңдесi жоқ шығармаларын қалдырып кеткенiн атап өттi. Өңiр басшысының айтуынша, ақынның мерейтойы түркi тiлдес елдерге ортақ мереке. Мағжанның 125 жылдығы ТҮРКСОЙ елдерiнде кеңiнен тойланды. Париждегi ЮНЕСКО ұйымының бас кеңсесiнде ұлы ақынға арналған халықаралық конференция өттi.

Құмар Ақсақалов ҚР Президентiнiң құттықтау хатын оқып бердi. Хатта Нұрсұлтан Назарбаев ақынның философиялық, азаматтық әрi лирикалық шығармалары халқымыздың қазынасы екендiгiн ерекше атап өттi. Облыс әкiмi Елбасының хатын Сарытомардағы Мағжанның мұражайына тапсырды.

Мерейтойда мәдени-спорттық шаралар көптеп өткiзiлдi. Ашық аспан астында этноауыл орналасты. Онда Мағжанның өмiрбаяны және шығармалары көрiнiс тапты.

Палундардың күресi және Аламан бәйге де тойға сән бердi. Жеңiмпаздар автокөлiк кiлттерiне ие болды. Өңiрдiң үздiк өнер ұжымдары мерекелiк концерт ұсынды. Сахнаға қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Алтынай Жорабаева мен Досымжан Таңатаров шығып, көрермен қауымның ризашылығына бөлендi.