
Облыстық әкiмдiкте сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi. Жиында iшкi iстер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға бағытталған профилактикалық iс-шаралар туралы және Мамлют және Тимирязев аудандары жергiлiктi атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық профилактикасы жөнiнде қабылдап жатқан шаралары туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселесi жөнiндегi комиссиялардың жұмысы туралы талқыланды. Өңiр басшысы сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған iс-шараларды одан әрi кешендi түрде жалғастыруды тапсырды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасында 2017-2019 жылдары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметiнде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтiк оңалтудың кешендiк стартегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы және Орман, аңшылық, балық, су ресурстары, сондай-ақ өсiмдiк және жануарлар дүниесiн пайдаланумен байланысты құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жүргiзiлген жұмыстар сарапқа салынды.