СҚО әкiмi өңiр журналистерiн кәсiби мерекелерiмен құттықтады

СҚО әкiмi өңiр журналистерiн кәсiби мерекелерiмен құттықтады

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Ақпарат және байланыс қызметкерi күнiне орай Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiмен кездесу өткiздi. Өңiр басшысы журналистердi кәсiби мерекемен құттықтап, газеттер, телеарналар және ақпараттық агенттiктердiң ақпарат заманында алар орны ерекше екенiн атап өттi.

«Қазiргi кезде газет оқымайтын, телеарна көрмейтiн, радио тыңдамайтын, интернет қарамайтын жан жоқ. Уақыт өткен сайын баспасөзге, ақпарат саласына деген сұраныс артып келедi. Ең бастысы, ақпарат жедел, қолжетiмдi. Баспасөз — билiк пен халықтың дәнекерi десек, өңiрде осы байланысты тереңдететiн сiздерсiздер. Барып, көрiп үлгермейтiн мәселелер сiздердiң материалдарыңызда шығып, шешiмiн тауып жатады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Кездесу барысында аймақ басшысы бiрқатар журналистердi құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттады. Қажырлы еңбегiмен көзге түскен бiр топ тiлшiлер ақшалай сыйақыларға ие болды.