Елбасы ризашылық бiлдiрген жеделхат жолдады

Елбасы ризашылық бiлдiрген жеделхат жолдады

«Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаев өңiр басшысы мен Солтүстiк Қазақстан облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен құттықтай отырып, Елордаға жасаған ерекше сый үшiн ризашылығын бiлдiрген жеделхат жолдады», — деп хабарлайды облыс әкiмiнiң баспасөз қызметi. Онда былай делiнген:

Құрметтi Құмар Iргебайұлы!

Сiздi және бүкiл Солтүстiк Қазақстан облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсiз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы — барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсiне қазығын қаққан еңселi елордамызды тұрғызуға бүкiл халқымыз жұмыла атсалысты.

«Өңiрлердiң Астанаға тартуы» жобасы аясында Солтүстiк Қазақстан облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлiгi саналады.

Бұл велосипед жолағы саламатты өмiр салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдiсiн дамытуға септiгiн тигiзетiн болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сiзге және өңiр тұрғындарына шынайы ризашылығымды бiлдiремiн.

Сiздерге зор денсаулық, бақ-береке тiлеймiн!

Н. Назарбаев