СҚО-да әлеуметтiк нысандар мен баспананың құрылысына бөлiнген қаржы 7 млрд. теңгеге көбейдi

СҚО-да әлеуметтiк нысандар мен баспананың құрылысына бөлiнген қаржы 7 млрд. теңгеге көбейдi

Бұл жайында СҚО әкiмдiгiнiң отырысында құрылыс басқармасының басшысы Серiк Мұхамедиев мәлiмдедi. 2018 жылы бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтiк қамтамасыз ету нысандары мен баспана салуға, инженерлiк желiлердiң құрылысына 18,8 млрд. теңге қарастырылған. Былтыр осы бағытқа 12 млрд. теңге бағытталған болатын. Дегенмен, облыс орталығындағы құрылыс қарқын көңiл көншiтпейдi. Өңiр басшысы құрылыс компаниялары асығатын емес дейдi.

«Бiз уақытты бағаламаймыз. Кеше кешке барлық нысандарды аралап шықтым, ешкiм жоқ. Сегiз ай күтiп, жаздың келуiн тосамыз. Алайда, кешкi алтыдан кейiн құрылыс алаңдарында жұмыс тоқтап қалады. Астанаға қараңыздаршы, бас қаламызда күнi-түнi жұмыс қызған», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Қомақты айыппұл мен қара тiзiм. Құрылысты мерзiмiнде аяқтамаған компанияларды осы жағдай күтiп тұр.

Петропавл әкiмi барлық көпқабатты үйлердi уақтылы салып бiтiремiз деп уәде бердi.