Имантауда желкендi қайық спорты дамуда

Имантауда желкендi қайық спорты дамуда

Айыртау ауданына жұмыс сапары барысында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Имантау-Шалқар курорт аймағының демалыс орындарын аралап, туризм саласындағы кәсiпкерлермен кездестi. Бизнесмендер өңiр басшысына жүзеге асып жатқан жобаларын таныстырды.

Жеке кәсiпкер Жанат Омар Имантау көлiнде желкендi қайық клубының ашылғаны жайында айтты. Бизнесменнiң айтуынша, жастардың арасында бұл спорт түрi үлкен сұранысқа ие.

«Қазiр бiздiң клубта 3 желкен қайық бар. Тағы бiреуiн алуы үшiн грантқа тапсырыс бердiк. Жастар бұл спортқа қызығушылық танытуда. Бiз оларға үйретемiз, кейiн Түркияға барып шкипер куәлiгiн ала алады», — дейдi Жанат Омар.

Құмар Ақсақалов жас бизнесменнiң бастамасына қолдау бiлдiрдi. Өңiр басшысы желкендi қайық спортын Пестрое көлiнде де дамыту туралы ұсыныс тастады.

«Петропавлдағы Пестрое көлiнде желкендi қайық спортын дамытуға кеңес беремiн. Бұл көлде әрдайым жел тұрады. Ciздер «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша грант алуға мүмкiндiк бар. Осы қаржыға желкендi қайық сатып алыңыздар. Қазiр Пестрое көлi абаттандырылып жатыр. Сол жерге қайықты жiберу керек. Жастар көптеп айналыссын, әдемi спорт түрi ғой», — деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Желкендi қайық клубының басшысы Жанат Омар облыс әкiмiнiң ұсынысын қолдады.