СҚО-да мектеп түлектерiнiң басқа аймақтарға кетуi азайды

СҚО-да мектеп түлектерiнiң басқа аймақтарға кетуi азайды

ОКҚ брифингi барысында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi жоғары бiлiм беру жүйесiндегi оң өзгерiстердi атап өттi.

4 жыл iшiнде бiлiм гранттарының саны аймақтық университетте 2 есеге өстi.

«Облыстағы мектеп түлектерiнiң кетуi 30 дан 12,7%-ға дейiн төмендедi, бiздiң университеттегi студенттер контингентi 40% өстi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Сонымен қатар, жақын арада студенттердiң санын 10 мыңға дейiн арттыру жоспарлануда. Ол үшiн жаңа оқу-зертханалық ғимарат және екi жатақхана салынуда. Келесi жылы 660 курсант оқи алатын әскери институттың жаңа оқу ғимаратының құрылысы басталады.