СҚО экономиканың өсу қарқыны бойынша көшбасшы облыстардың қатарында

СҚО экономиканың өсу қарқыны бойынша көшбасшы облыстардың қатарында

ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов 2020 жылдың қорытындысын шығарды.

Облыс әкiмi коронавирустың әдеттегi өмiр салтына өзгерiс енгiзiп қана қоймай, экономикаға да әсер еткенiн атап өттi.

«Пандемияның алғашқы күндерiнен бастап, бiз шектеу шараларын енгiзу қажеттiлiгi арасындағы тепе-теңдiктi және экономикалық даму қарқынын сақтадық. Осының арқасында бiз оң динамиканы қамтамасыз етiп қана қоймай, экономика дамытып жатырмыз», — дедi Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi брифингте.

10 айдың қорытындылары бойынша өсу қарқыны бойынша жетекшi аймақтар тобына кiрдi.

Осы жылдың соңына қарай жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2,7 миллион теңгеге дейiн ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл соңғы төрт жылда 35% өсiмдi қамтамасыз етедi. 4 жыл iшiнде облыстың нақтыланған бюджетi екi есеге жуық өстi — 189-дан 333 миллиард теңгеге дейiн.