
ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов 2020 жылдың қорытындысын шығарды.
Облыс әкiмi өңiрдегi жағдай тұрақты және бақылауда екенiн атап өттi. Ауруханаға жатқызу саны күн сайын азаюда. Барлық науқастардың 94% емделдi. Ауруханалардағы төсек орын 32% ғана толған. Ауыр науқастардың немесе аппараттарға қосылуды қажет ететiн науқастардың саны да көбеймедi. Жоспарлы ауруханаға жатқызу тоқтаған жоқ.
«Сондықтан қазiргi эпидемиологиялық жағдайға сүйене отырып,желтоқсан айының ортасына дейiн бiз демалыс күндерi облыс орталығындағы карантиндi алып тастауды жоспарлап отырмыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Солтүстiк Қазақстан облысы екiншi толқынға тыңғылықты дайындалды. Облыста жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Тыныстандыру аппараттары мен қажеттi медициналық жабдықтар сатып алынды. Жедел жәрдем қызметi көлiкпен толық қамтамасыз етiлдi.