СҚО-да 3 жылда жолдардың 30% жақсартылды

СҚО-да 3 жылда жолдардың 30% жақсартылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.

2018 жылы 675 км, бiр жыл бұрын — 705 км, биыл 954 км жол жөнделдi.

«3 жыл iшiнде бiз аймақтық жолдар желiсiнiң шамамен 30% жақсарта алдық. Негiзгi жолдарды жөндеу кезiнде ауыл iшiндегi жолдарға тиiстi назар аударылмаған. Сондықтан осы мақсаттарға 8 есе көп қаражат бөлiп, 772 миллионнан 5,8 миллиард теңгеге дейiн өсiрдiк. 74 ауылдың жолдарын жөндедiк», — дедi Құмар Ақсақалов.