СҚО түлектерi 3 есе көп грант ұтып алды

СҚО түлектерi 3 есе көп грант ұтып алды

Петропавлда дәстүрлi педагогикалық кеңесi өттi. Оның жұмысына облыс әкiмi Құмар Ақсақалов қатысты.

Өңiр басшысы бiлiм саласында тың жаңалықтардың көп екенiн тiлге тиек еттi. Биыл елiмiзде алғашқы заманауи оқушылар сарайы ашылып, онда IТ орталық ашылады. Өңiрде жуық арада IT лицейдi де ашу жоспарланған. СҚМУ-де гранттардың көлемi 3 есеге өсiп, 1072-ны құрайды. Жергiлiктi бюджеттен 75 грант тағы бөлiндi.

Қазiр облыс орталығында 1500 орынға шақталған 2 мектептiң құрылысы басталды. Өңiрде тағы 900 орындық мектеп салу көзделген. Қызылжар ауданының орталығында да бiлiм ордасын салу жоспарда бар. 120 бiлiм ошағы жөнделiп, 4 мың компьютер жаңартылмақ.

Қазiр мектептердi кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету 86 пайызды құрайды. Облыс әкiмi аудан әкiмдерiне бұл көрсеткiштi жыл соңына дейiн 100 пайызға жеткiзудi тапсырды.