Құмар Ақсақалов Алексей Луценконы Азия ойындарындағы жеңiсiмен құттықтады

Құмар Ақсақалов Алексей Луценконы Азия ойындарындағы жеңiсiмен құттықтады

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Индозенияда өтiп жатқан жазғы Азия ойындарының екi дүркiн жеңiмпазы атанған Алексей Луценкоға құттықтау жеделхатын жолдады.

«Өз атымнан және барлық солтүстiкқазақстандықтардың атынан сiздi жазғы Азия ойындарындағы жарқын жеңiсiңiзбен құттықтаймын. Бұл жеңiс Қазақстан қоржынына екiншi алтын әкелдi. Сiз 2014 жылғы Инчхондағы Азия ойындарының жетiстiгiн қайталап, екi дүркiн жеңiмпаз атанып отырсыз. Бұл жеңiске сiз алға ұмтылушылық пен жоғары спорттық кәсiби шеберлiктiң арқасында қол жеткiздiңiз. Сiз мыңдаған жас жеткiншектерге үлгi болып, елiмiздiң атын асқақтаттыңыз. Сiздiң айқын жеңiсiңiз солтүстiкқазақстандық спортшылар жетiстiктерiнiң жалғасы болды», — делiнген жеделхатта.

Өңiр басшысы Алексей Луценкоға зор денсаулық пен жаңа спорттық табыстар тiледi.