Солтүстiк Қазақстанда жаңа мешiт ашылды

Солтүстiк Қазақстанда жаңа мешiт ашылды

Петропавлдағы 20 ықшам ауданында жаңа мешiттiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Жаңа мешiт 500 адамға шақталған.

Ашылу рәсiмiне облыс әкiмi Құмар Ақсақалов пен Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серiкбай қажы Ораз, ҚР Парламентi Сенатының депутаты Ерiк Сұлтанов, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Абай Тасболатов қатысты.

Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген өңiр басшысы жаңа мешiттiң ашылуы облыстың мұсылман қауымы және тұрғындары үшiн үлкен оқиға екенiн атап өттi. Қазiр облыста әртүрлi конфессиялардың өкiлдерi бiр шаңырақ астында тату-тәттi өмiр сүрiп, облыстың және елiмiздiң дамуына зор үлестерiн қосуда.

Жаңа мешiт қаламыздың айшықты орнына айналды. Мешiтiң құрылысына 1,4 га аумақ жер бөлiндi. Ғимараттың аумағы 2793 шаршы метрдi құрайды. Жаңа мешiт ислам дәстүрлерi мен ережелерiне сай бой көтердi. Ғимарат үш деңгейлi күмбез бен 4 бiрдей мұнарадан тұрады. Симметриялық көп қырлы мұнаралардың биiктiгi 42 метрдi құрайды.

Мешiттi абаттандыруға ерекше көңiл бөлiндi. Мешiттiң жанына субұрқақ орнатылып, келушiлерге ыңғайлы орындықтар қойылды. Жуық арада бұл жерде кiшi саябақ ашылады.