
Қалалық мәдениет және демалыс саябағында мемлекеттiк қызметшiлер арасында шағын футболдан турнир өттi.
Жарысқа 4 топ қатысты: облыстық әкiмдiк, қалалық әкiмдiк, Қызылжар және Мамлют аудандарының әкiмдiктерi.
Тартысқа толы сайыста Құмар Ақсақалов бастаған облыстық әкiмдiктiң командасы 3 ойында басым түсiп, турнир кубогын жеңiп алды. Күмiс жүлде Мамлют ауданына бұйырды. Қызылжарлықтар қоланы мiсе тұтты.
Ойыннан соң өңiр басшысы турнир туралы өз ойымен бөлiстi.
«Ең алдымен бұл салауатты өмiр салтын насихаттау. Жастарға үлгi көрсетiп жатырмыз. Жүз рет айтқанша, алаңға бiр рет шығып, ойын көрсеткен әлдеқайда дұрыс. Адам жасы мен лауазымына қарамай әрқашанда спортпен айналысу керек», — дедi Құмар Ақсақалов.