Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары: Б. Сағынтаев өңiрдегi бiлiм беру сапасына қатысты мәселенi қозғады

Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары: Б. Сағынтаев өңiрдегi бiлiм беру сапасына қатысты мәселенi қозғады

Бүгiн Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келдi.

Сапардың мақсаты — Президенттiң «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк», «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» жолдаулары мен «Бес әлеуметтiк бастамасының», сондай-ақ, мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың өңiрде жүзеге асырылу барысымен танысу.

Сапар аясында Солтүстiк-Қазақстан облысының 2018-2021 жылдарға арналған кешендi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру барысы туралы кеңес өткiзiп, сондай-ақ, бiрқатар әлеуметтiк және өнеркәсiптiк инфрақұрылым нысандарын аралау жоспарланған. Бұдан өзге, Премьер-Министр Б. Сағынтаев Қазақстан мен Ресейдiң XV аймақаралық ынтымақтастық форумын өткiзуге дайындық барысымен танысады.

Сапар барысында Бақытжан Сағынтаев өңiрде бiлiм беру сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға назар аударды. «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы бiлiм беру бағдарламаларының негiзгi басымдығы өзгерiстерге үнемi бейiм болу және жаңа бiлiмдi меңгеру қабiлетiн дамыту болуға тиiс екенiн атап өттi. Елiмiздiң барлық өңiрлерiнде оқушылар сарайларының базасында компьютерлердi, зертханаларды, 3D-принтерлердi қоса алғанда, барлық қажеттi инфрақұрылыммен бизнес-инкубаторлар мен балалар технопарктерiнiң желiсiн құру тапсырылған. Бұл жас буынды ғылыми-зерттеушiлiк және өнеркәсiптiк-технологиялық ортаға сәттi ықпалдастыруға жол ашады.

Премьер-Министр Петропавл қаласында жаңадан салынып жатқан Оқушылар сарайына барды. Нысан алдыңғы қатарлы заманауи технологиялармен жарақтандырылады. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары А. Федяевтiң айтуынша, нысанда АT-индустриясының перспективалы бағыттары мен STEM-бiлiм беру жүйесiмен жоғар технологиялы кабинеттер базасы мен зертхана кешендерiн құру көзделген.

Оқушылар сарайында бағдарламалау және графикалық дизайн зертханалары, виртуалды және толықтырылған шынайылық, TecQuipment (Ұлыбритания) инженерлiк ғылымдары, роботты техника құрылымдау (АҚШ), анимациялық студия, голография, каркасты-вакуумды кинотеатр, Lexsolar (Германия) электромобильдерi, Thespian (Ұлыбритания) гуманоидты роботы мен адамнан аумайтын NAO (Франция) роботтары және басқа да технологиялар болады.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде Бақытжан Сағынтаев студенттер жатақханасының бiр корпусын аралады, онда Президенттiң Бес әлеуметтiк бастамасының орындалуымен танысты. Жатақхана бөлмелерiн аралау кезiнде университет ректоры С. Өмiрбаев бүгiнгi таңда ЖОО-да 5531 студент бiлiм алып жатқанын, оларға арналған 4 жатақхананың бар екенiн мәлiмдедi. Сонымен қатар, жыл сайынғы қабылдау көлемiнiң артуы мен университетте бiлiм алушылардың санын ескергенде, 2018/19 оқу жылында жатақханаға деген қажеттiлiк 3150-ден астам орынды құрайды. СҚО әкiмдiгiнiң деректерiне сәйкес, 2018 жылы өңiрде бiлiм беру жүйесiн қаржыландыруға 55,3 млрд. тг. қарастырылған. 31,2 млрд. тг. 01.08.2018 ж. жоспар кезiнде игеру 100% құрады.

Айта кету керек, жоғары бiлiм берудiң қолжетiмдiлiгi мен сапасын арттыру аясында жергiлiктi бюджеттен жергiлiктi ЖОО-ға оқуға түсуге ниет бiлдiрушiлерге 75 грант бөлiндi.

Естерiңiзге сала кетейiк, Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасымен елiмiздiң өңiрлерiн жұмыс сапарымен аралап жүр. Бұған дейiн Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстiк Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан және Түркiстан, Ақтөбе облыстарында болып қайтты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң баспасөз қызметi