«Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы: Б. Сағынтаев Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысы нысандарын аралады

«Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы: Б. Сағынтаев Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысы нысандарын аралады

Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жаңадан бой көтерген «Жас Өркен» шағын ауданына барып «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандарымен және Президенттiң Бес әлеуметтiк бастамасы аясындағы «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасының атқарылу барысымен танысты.

Сонымен қатар, Премьер-Министр бiлiм беру және денсаулық сақтау мекемелерiнде болды.

Петропавл қаласындағы жаңадан салынған «Жас Өркен» шағын ауданы мемлекеттiк «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерiп отыр. Ол жерде 2019 жылы қазан айына қарай 332 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. Пәтер алатын тұрғындар үй кезегiнде тұрған және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ салымшысы болып отырған қала тұрғындары. Шағын ауданда қажеттi жағдайдың барлығы жасалған. Көп қабатты үйлер салынып жатыр. 900 орынға арналған қазақ мектебi жұмыс iстеп тұр. Спорт сарайы және теннис алаңы бар. Тағы 88 балаға арналған шағын орталық бой көтергелi отыр. Сонымен қатар, қазақ театры мен ауысымды 250 орындық емхана салу жоспарда бар.

Премьер-Министр сонымен қатар, «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын одан әрi iске асыру жоспарларымен және Петропавл қаласының басқа да шағын аудандарындағы құрылыс жобаларымен танысты. Мемлекеттiк бағдарлама аясында облыс орталығында төрт панелдi бес қабатты үйлер салынып жатыр. Келешекте жекешелендiру құқығына ие болмайтын жалға берiлетiн екi нысанның құрылысы басталатыны айтылды. Бұл үйлер әлеуметтiк жағынан аз қамтылған отбасыларға берiлетiн болады. Бағдарламаға сәйкес, әр шаршы метрiнiң бағасы 140 000 теңгеден аспайтын болады.

«Аталған үйлердiң құрылыс жұмыстары «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында жүргiзiлiп жатыр. Жаңадан салынатын бұл үйлердi «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша беру мүмкiндiгi бар», — деп атап өттi Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары А. Федяев.

СҚО әкiмдiгiнiң деректерi бойынша, өңiрде құрылыс жұмыстары жоғары қарқынмен жүргiзiлiп жатыр. 2018 жылдың тұрғын үйдi пайдалануға беру жоспары 230 мың шаршы метрдi құрап отыр. Бұл 2017 жылғы көрсеткiштiң 115% құрайды. Осы жылы 1500 пәтер берiлгелi отыр. Екi жылдың iшiнде 620 ескi үй құлатылды. Олардың орнына 2000-нан астам жаңа пәтер салынатын болады.

Еске сала кетейiк, «Нұрлы жер» мемлекетiк тұрғын үй құрылыс бағдарламасы 2016 жылдың соңына қарай қабылданған болатын. Бағдарлама аясында жылына 100 мың пәтер салынады деген жоспар бар. Осылайша 15 жылдың iшiнде шамамен 1,5 млн. отбасыны баспанамен қамтамасыз ету жоспары жасалған.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң баспасөз қызметi